Бірыңғай контакт-орталық: +7 727 331 39 49

Ақылы тұрақтың жұмыс уақыты: күнделікті, жаяужол түрі 8:00 ден 19:00 дейін, алаңдық-тәулік бойы.
Автотұрақ орындарының
инфрақұрылымы
«Алматының ақылы автотұрақтары» Жобасының көше кеңістігін
оңтайландыру және жаяу жүргіншілердің де, сондай-ақ қозғалыс
көліктерінің де еркін жүрісін қамтамасыз етуге
өзіне мақсат қояды.

Осы мақсатқа жету үшін біз Алматы қаласының
автотұрақ кеңістігін әкімшіліктендірудің технологиялық,
ақпараттық және ұйымдастыру құралдарын пайдаланамыз.
Ақпараттандыру
жүйесі
Біздің жүйенің қызмет атқаруы үшін маңызды
шарт қалалық автотұрақтарды пайдалану шарттары туралы тұрғындарды
уақытылы ақпараттандыру болып табылады.

Ол үшін біз келесі ақпарат құралдарын пайдаланамыз:

  • Ақпараттық қалқаншалар:
    Әрбір ақылы аймаққа кіретін жерде
    «Сіз ақылы автотұрақ аймағына кірдіңіз»;

  • Автотұрақ нөмірімен, пайдалану ережелерімен,
    бағасымен және төлем жасау бойынша нұсқаулықтармен
    қара-сары ақпараттық қалқаншалар ;

  • Алматы қаласының барлық автотұрақ
    нысандары туралы, сонымен қатар жаңа нысандар салу
    жөнінде жоспарлар туралы ақпараты бар
    автотұрақтық aparking.kz веб-порталы.

  • «Алматының автотұрақтары» мобильдік қосымшасы.
    Автотұрақты басқару үшін өзінің
    жеке кабинетін жасауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған
төлем жүйесі
Біз әрбір адам өзіне ыңғайлырағын таңдай алатын, автотұраққа төлем
жасаудың бірнеше ыңғайлы арналарын жасауға тырыстық. Автотұраққа
төлем жасау тек автотұрақтық сессия басталғанға дейін ғана іске асырылатынын,
жүйе алдын ала төлем жасау бойынша жұмыс істейтінін есіңізге саламыз.

Автотұрақты тоқтаған мезеттен бастап 15 минут ішінде төлеу қажет.

Қазіргі кезде автотұрақты төлеудің келесі
автоматтандырылған тәсілдері (ақшасыз) қол жетімді:

  • 7757 қысқа нөміріне
    SMS жіберіңіз;*

  • «aparking.kz» веб-порталы
    арқылы төлеу

  • «Алматының автотұрақтары» мобильдік
    қосымшасы арқылы төлеу;

  • Автотұрақ аймақтарында орнатылған
    паркоматтар арқылы төлеу.

Сонымен қатар автотұрақты паркомат арқылы 50 және 100 теңге тиындар арқылы қолма-қол төлеуге болады.

Автотұрақты SMS арқылы және «Алматының автотұрақтары» мобильдік
қосымшасы арқылы төлеген кезде тарифтеу минутпен іске асырылады.
Осылайша, егер сіз тұрақтауды мерзімінен бұрын аяқтасаңыз, тұрақтаудың
пайдаланылмаған уақыты үшін ақша автотұрақтық шотта сақталады және
келесі автотұрақтық сессия үшін пайдаланылуы мүмкін.

Автотұрақты паркоматнемесе төлем терминалыарқылы төлем жасау 15 минутқа
дейінгі дәлдікпен төленеді.
Автотұрақ ережелерінің
бұзылуын бақылау
Барлық жүргізушілер автотұрақ ережелерін
сақтауы үшін біз бұзушылықтарды
тіркеудің автоматтандырылған
жүйесін әзірледік.

Біз мақсатымыз айыппұлдан қандай да
бір пайда табу емес, қоғамдық санада
автотұрақтарды пайдалану мәдениетін
қалыптастыру болып табылады.
Бұзушылықтарды
тіркеудің жеке
кешендері (ТЖК)
Бұзушылықтарды тіркеудің жеке кешендері (ТЖК)
- бұл онлайн режимде әрбір автотұрақ орнын пайдаланғаны
үшін төлемнің жасалғанын бақылайтын арнайы құралдар.
Төлемеген жағдайда келешекте автоматты түрде
айыппұл жазу және пошта арқылы жіберу үшін
әкімшілік-құқықтық бұзушылық туралы
материал қалыптасады.
Бізбен ТЖК құралдары бар жаяу автотұрақтық
инспекция-қызметкерлері құрылдары.

Арнай жабдық көмегімен “Алматы АрнТехТұрақСервис”
инспекторы 15 минутта бір рет циклмен ақылы автотұрақ
фототіркеу аймағындағы автокөліктің мемнөмірін
жасайды . Сонымен қатар инспектор тұрақ және төлем бойынша
автомобильшілерде туындаған барлық мәселелерді шешеді .
Жаяу инспекторлар бағдарлары ережелерді сақтауды толық
бақылауды қамтамасыз ететіндей етіп, біздің барлық
автотұрақтарды қамтитындай етіп жасалған.
Айыппұл 15 минут ішінде автотұраққа
төлем жасамаған жағдайда салынады
Автотұраққа уақытылы төлем жасау (автомобильді автотұраққа
қойғаннан кейін 15 минуттан кешіктірмей) 3 АЕК мөлшеріндегі
айыппұлдан құтылуға мүмкіндік береді.
“Алматы АрнТехТұрақСервис”
инспекторының функциясы:
  • Ақылы автотұрақты төлеуді бақылау;
  • Ақылы автотұрақ аймақтарын әкімшіліктендіру,
    автомобильдерді дұрыс орналастырмау мәселелерін және жүргізушілер
    арасындағы жанжалдарды шешу;
  • Төлем жасау кезінде автомобильшілерге көмек.
“Алматы АрнТехТұрақСервис”
инспекторын қалай
сәйкестендіруге болады:
  • Барлық инспекторлар міндетті түрде арнайы үлгідегі киім киеді;
  • Инспектордың нөмірі және“Алматы АрнТехТұрақСервис”
    куәлігі бар кеуде белгісі болады;
  • Инспектор автотұраққа төлем жасау тәсілдері жөнінде
    кеңес бере алады және міндетті;
  • Инспектор автотұраққа төлем жасаумен байланысты барлық сұрақтар
    жөнінде автоиеленушіге көмек көрсетуге әрқашан дайын.
Назар аударыңыз! “Алматы АрнТехТұрақСервис” инспекторыавтотұраққа немесе қандай да
бір үлгідегі кеңес үшін ақы алуға құқығы жоқ!
Егер “Алматы АрнТехТұрақСервис” инспекторы болып таныстырылған тұлға
сізге автотұрақ үшін және/немесе ол арқылы айыппұлды төлеуге ұсыныс
егер мұндай тұлға туындаған мәселелерде өзінің көрсеткен
жасаса , көмегі үшін ақы сұраса, бұл туралы дереу полицияға хабарлаған
жөн. Инспекторларға шайпұл төлеу жүйесі қарастырылмаған!
Инспекторлар жұмысы бойынша барлық наразылықтар және тілектер
+ 7 (727) 3313949 телефоны бойынша қабылданады
АЙЫППҰЛДАР Назар аударыңыз! “Алматы АрнТехТұрақСервис” ЖШС барлық
автоиеленушілерді автотұрақ үшін төлем алуға және көлік құралдарын
автотұраққа қою уақытын есепке алуға арналған арнайы құрылғылармен
жабдықталған жерлерде автотұрақ үшін төлем жасаудан жалтарғаны
үшін ҚР ӘӨБ Кодексінің 597 бабының 4-1 бөлімінда
белгіленген 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын хабардар етеді
(«Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзу»).
Әкімшілік жазалаудан кейін бір жыл ішінде қайтадан автотұрақ
үшін төлемнен жалтару – бес айлық есептік көрсеткіш
мөлшеріндеайыппұл төлеуге әкеледі.
ҚР ӘӨБ Кодексінің 893 бабы негізінде айыппұл салы
туралы қаулыны ерікті орындау мерзімі қаулы заңды күшіне
енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірілмеуі тиіс.

Белгіленген мерзімде айыппұлды төлемеген жағдайда айыппұл салу
туралы қаулы немесе айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы жарлық
мемлекеттік сот атқарушыларына, жеке сот атқарушыларының жеке
палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұлды төлеу
қажеттілігі туралы жарлықты ерікті орындау мерзімі өткеннен кейін
он күн ішінде жіберіледі (ҚР ӘӨБ Кодексінің 893 бабы).

Қарауды жалғастыру үшін
құрылғыны төңкеріңіз.